30.04.2008, 17:55 6643

Жамбыл облысында жеті жыл бұрын жасалған қылмыс үшін ұйымдасқан қылмыс тобының мүшесі қолға түсірілді

Жамбыл облысында жеті жыл бұрын жасалған қылмыс үшін ұйымдасқан қылмыс тобының мүшесі қолға түсірілді

Тараз. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Қаратау қаласында 28 сәуірден 29 қараған түні жүргізілген арнайы шаралар кезінде полиция қызметкерлері жеті жыл бұрын жасалған қылмыс үшін ұйымдасқан қылмыс тобының мүшесі Ғани Күшеновты қолға түсірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұзақылық және ұрлық үшін сотталған боксер және самбист Ғ Күшенов көбінесе "Тайсан" лақап атымен белгілі. Ол 90 жылдары Талас ауданының Қаратау қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың біріне кірген.

"2001 жылдың маусым айында ағайынды Оңғаров пен Тайсон арасында "Санта-Барбара" кафесінде текетірес болды. Алдын ала ойластырған өлім қылмыстық салаларды бөлісу кезінде туындаған келіспеушіліктер мен бір бірін жақтырмау негізінде орын алды. Спортшы тергеу анықтамаған қарудан ағайынды екі адамды өлімші қылып жарақаттаған", - деді криминалды полиция басқармасының шұғыл аға уәкілі, майор Серғазы Шолпанбеков.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар көп уақыт бойы епті әрі қу қашқынның ізіне түсіп келе жатқан. Ол үнемі тұрғылықты жерін және өзінің аты жөнін жиі ауыстырып отырған ". Қашқын Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және еліміздің басқа аумақтарында және көрші Қырғызстанда іздестірілді.Халықаралық іздеуде жүрген Ғ. Күшенов соңғы жылдары Бішкекте тұрған.

" 2007жылдың сәуір айында ол Қырғызстандағы АҚШ елшілігі алдында тыр жалаңаш тұрғандығы анықталды. Ол сол арқылы республикады шетелдік әскерлердің орналасуына орай наразылығын білдірген. Содан кейін ол елшілік территориясында қырғызстанның ІІМ қызметкерлері күзет жасайтын бақылау өткізу пунктінің терезесіне тас лақтырған. Оны ұстау кезінде ол билік өкілдеріне қарсылық көрсетіп, милиция қызметкерінен қаруды алып алуға талпынған. Оның жанбасына оқ тиіп, ол медициналық мекемесіне жеткізілді ", -деп хабарлады баспасөз қызметінде.

2007 жылдың сәуір айында бұзақылық дерегіне орай қылмыстық іс қозғалып іс сотқа жіберілді. Дәрігерлер оған "миы ауысқан" ауруына шалдыққан деп, оны ойдан шығарылған атпен психиатриялық емдеу мекемесіне орналастырды. Ол бір айдан кейін одан қашып кетті.

Полиция қызметкерлері оны Қаратауға туған туыстарын көріп қайту үшін келгенде қолға түсірді. Бүгінгі кезде 34 жасар Ғ. Күшенов Тараздың уақытша тергеу қапасына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны