05.12.2008, 10:00 1834

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 253-ші шақырымында 4 желтоқсанда сағат 19.30-да "Ауди" көлігінің 35 жастағы жүргізушісі "ГАЗ-53" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Ауди" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны