31.08.2006, 09:35 3095

Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, біреуі жараланды

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, біреуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат 30-тамызда облыстың Жамбыл ауданында, Ақкөл-Қаратау тас жолының 5-шақырымында болды. "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның бес жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы - 2005-жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны