16.06.2008, 10:18 1270

Жамбыл облысында жол апатынан сегіз адам қаза тауып, оны ауруханаға жатқызылды

Жамбыл облысында жол апатынан сегіз адам қаза тауып, оны ауруханаға жатқызылды

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жол апатынан сегіз адам қаза тауып, оны ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 15 маусымда 05.00 сағатта Жамбыл облысында Тараз - Асса тас жолында (11 шақырым) "БМВ", "ГАЗ-3507" және "Тойота" көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "БМВ" көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ, "ГАЗ-3507" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. "Тойота" көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, 15 маусымда сағат 11.00 Алматы - Ташкент тас жолында (453 шақырым) Жамбыл облысында "Тойота" көлігі аударылды. Оқыс оқиғаның салдарынан көлікте отырған жолаушы әйел қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға апара жатқанда жан тапсырды. Жүргізуші мен оның басқа да бес жолаушысы, соның ішінде 7 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны