27.06.2008, 09:44 1378

Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысының Қордай ауданында ( Алматы - Ташкент тас жолының 184 шақырымы) 26 маусымда сағат 15.10-да "Фольксваген" жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Тойота"жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. "Фольксваген" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны