15.07.2008, 10:13 1091

Жамбыл облысында жүк пойызы шойын жолдан шығып кетті

Жамбыл облысында жүк пойызы шойын жолдан шығып кетті

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жүк пойызы шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін 4 сағат 25 минутта Жамбыл облысындағы теміржол станциясында жүк пойызының екі бос вагоны шойын жолдан шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, соның салдарынан пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. 5 сағат 25 минутта пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны