17.02.2016, 16:06 5539

Жамбыл облысындағы бала өліміне қатысты тергеу қатаӊ бақылауға алынды - ІІД

15 ақпанда Жамбыл облысына қарасты Бурыл ауылында жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған баланыӊ мәйіті табылды

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 15 ақпанда Жамбыл облысына қарасты Бурыл ауылында жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған баланыӊ мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 15 ақпаны күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылында жекеменшік үйден қасақана өлтірілген кәмелеттік жасқа толмаған А.С.Дүйсенбектіӊ мәйіті табылды",- деп мәлімдеді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабыныӊ 2-бөлімі,14-тарауына (кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны қасақана өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, 2016 жылдыӊ 16 ақпанында "К" есімді күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау абақтысына жабылды. Күдікті тергеу барысында кінәсін мойындаған.

Қылмыс ұрлық кезінде жасалған. Яғни тұрмыстық сипатқа ие болып отыр.

Осыған орай бірнеше сот сараптамасы белгіленіп, өзге де тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Халықтыӊ алаӊдауына байланысты жергілікті атқарушы және құқық қорғау мекемелері жиын өткізіп, тергеуге қатысты нақты ақпарат берді.

Қазір елді мекендегі жағдай тұрақтанды. Тергеу жұмыстары қатаӊ бақылауға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны