08.12.2010, 14:06 3222

Жамбыл облысындағы мұнай сақтайтын орындардың бірінде өрт шықты

Кеше сағат 13.30 Жамбыл облысының Қаратау қаласында орналасқан "Ақыртас" ЖШС-ның мұнай сақтау аумағында мұнай өнімдерін теміржол бойында тұрған цистерналардан сақтау шұңқырларына құю кезінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше сағат 13.30 Жамбыл облысының Қаратау қаласында орналасқан "Ақыртас" ЖШС-ның мұнай сақтау аумағында мұнай өнімдерін теміржол бойында тұрған цистерналардан сақтау шұңқырларына құю кезінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тілсіз жау 590 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алдын ала жасалған болжам бойынша өртттің шығу себебі - электр желісінің қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.

Жалын ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 3 техникасының күшімен жеті жарым сағаттан кейін ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны