08.01.2008, 14:36 2654

Жамбыл облысындағы жолдарды тазалау үшін айтарлықтай күш жұмсалды - облыстық ТЖ департаменті

Жамбыл облысындағы жолдарды тазалау үшін айтарлықтай күш жұмсалды - облыстық ТЖ департаменті

Тараз. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шақпақ, Күйік асуындағы жолдар бүгінгі күні жабулы тұр, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып.

Жуалы ауданында Алматы - Ташкент ( Күйік, Шақпақ асулары) бағытындағы және аудандық жолдар қардан тазаланып жатыр( Б. Момышұлы - Қошқарата), - деп атап өтті ТЖД мамандары.

Жолдарды тазартуға және зардап шеккендерді қардың құрсауынан алып шығу үшін 41 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде 5- бульдозер, 2-грейдер, 3 шнекті ротор, 2 бірлік жүк тиегіш, 3 бірлік құм сепкіш, 1 МТЗ-82, Т- 40 тракторы, 2 бірлік К-700 техникасы және әскери бөлімшелердің 2 техникасы бар.

АІІД қызметкерлерімен Күйік, Шақпақ асуларының қауіпті жолдары бақыланып, үш бақылау көлігі кезекшілік жасауда. Оның екеуі Шақпақ асуындағы бағытында, біреуі Күйік асуындағы жолды қадағалауда.

Жамбылдың ауа райын болжау орталығының ақпараты бойынша, 2008 жылдың 8-10 қаңтар аралығында таулы аудандарында қатты боран соғып, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс бағытындағы жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Түнде сынап бағанасы 23-28 градус аязды көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны