29.06.2011, 14:45 3496

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда "Өскемен-Зырян" тас жолының 38-ші шақырымында орын алған жол апатынан 4 адам қаза тапқан.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облыстарында ірі жол-көлік оқиғалары болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда "Өскемен-Зырян" тас жолының 38-ші шақырымында орын алған жол апатынан 4 адам қаза тапқан.

Құтқарушылардың айтуынша, "ГАЗ" және "ВАЗ" көліктерінің соқтығысуы салдарынан, "ВАЗ"-дың жүргізуші мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Ал Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент" тас жолының 181-ші шақырымында "Неоплан" жолаушылар автобусы мен "Мерседес" жеңіл көлігі соқтығысып қалып, оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы және автобустың бір жолаушысы көз жұмған.

"Түрлі жарақатпен автобустың тағы төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Автобус салонында 47 адам болған, оның екеуі - жүргізушілер", - деп хабарлады құтқарушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны