26.02.2013, 10:21 3427

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасында қаза болғандардың аты-жөні анықталды

24 ақпанда түнде "Батыс Еуропа -Батыс Қытай" автожолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі жолаушылар автобусы мен қар тазалау техникасы бір-бірімен соқтығысты. Жамбыл облыстық ІІД мәліметтері бойынша, қар тазалау техникасының жүргізушісі Тараз қаласынан ОҚО-ға қарай жол тазалау жұмыстарын жүргізген. Сол уақытта "Шымкент-Бішкек" қатынасымен "Неоплан" маркалы жолаушылар автобусы келе жатып көлікті басқара алмай, автогрейдермен соқтығысқан, деп еске салады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасында қаза болғандардың аты-жөні анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

24 ақпанда түнде "Батыс Еуропа -Батыс Қытай" автожолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі жолаушылар автобусы мен қар тазалау техникасы бір-бірімен соқтығысты. Жамбыл облыстық ІІД мәліметтері бойынша, қар тазалау техникасының жүргізушісі Тараз қаласынан ОҚО-ға қарай жол тазалау жұмыстарын жүргізген. Сол уақытта "Шымкент-Бішкек" қатынасымен "Неоплан" маркалы жолаушылар автобусы келе жатып көлікті басқара алмай, автогрейдермен соқтығысқан, деп еске салады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Көліктер соқтығысқаннан кейін автобус жүргізушісі мен жолаушылардың жартысы көліктен шығып кеткен. Сол мезетте ОҚО жақтан "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша келе жатқан "Ванхол" маркалы автобусы "Неоплан" маркалы автобусына соқтығысқан.

ЖКО салдарынан оқиға орнында 3 жолаушы мерт болды. 22 жолаушы Тараз қаласының №1 ауруханасына жатқызылды, ал 16 жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Соқтығысу кезінде "Неоплан" маркалы автобуста 30 адам, ал "Ванхол" автобусының салонында 54 жолаушы болған.

Тараздың №1 қалалық ауруханасының травмотологиялық пунктіне екі автобустан дене жарақаттарымен 16 жолаушы көмекке жүгінді. Оларға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Қаза болған үш адамның аты-жөні анықталды:

1994 жылы туған қыз - ОҚО, Шардара ауылының тұрғыны

1985 жылы туған қыз - ОҚО, Түркістан қаласының тұрғыны

1986 жылы туған жігіт - ОҚО, Еңбекші ауылының тұрғыны

Жамбыл облыстық АІІБ ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 296 б.3б. сәйкес (ЖКЕ-ні бұзу) қылмыстық іс қозғады. Көлік жүргізушілері ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйлеріне жіберілді. Грейдер жүргізушісі Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны