30.07.2008, 17:45 3031

Жамбыл және Қарағанды облыстарында жол апатынан үш адам қаза тауып, тоғызы зардап шекті

Жамбыл және Қарағанды облыстарында жол апатынан үш адам қаза тауып, тоғызы зардап шекті

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл және Қарағанды облыстарында жол апатынан үш адам қаза тауып, тоғызы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 469-шы шақырымында 28 шілдеде сағат 19.30-да "Фольксваген" көлігі "ВАЗбен" соқтығысты.

Апат салдарынан "Фольксваген" көлігінде отырған 28 жастағы әйел мен жас нәресте, сондай-ақ, "ВАЗ" көлігінде отырған 45 - 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты; екі жүргізуші мен төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 691-ші шақырымында 29 шілдеде сағат 15.30-да екі "КамАЗ", "Тойота-Камри", "Ниссан" және "Тойота" секілді бес көлік соқтығысты.

Апат салдарынан "КамАЗ" және "Тойота-Камри" көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылып, "Тойотада" отырған 18 жасар қыз ауруханаға жатудан бас тартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны