31.03.2008, 09:11 3047

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларында екі адам суға кетті

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларында екі адам суға кетті

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларында екі адам суға кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысында Тасөткел су қоймасында 28 наурызда балық аулап жүріп бір ер адам суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметінің күшімен іздестіріп жатыр", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы (Көктөбе ауылы) Боралдай өзенінде 29 наурызда сағат 16-да бір ер адам суда жүзіп жүріп батып кетті. Оның мәйіті судан құтқару қызметінің күшімен іздестірілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны