25.02.2011, 17:07 4130

Жаңа Зеландияда болған зілзала құрбандарының саны 113 жетті

Жаңа Зеландияда болған зілзала құрбандарының саны 113 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - Жаңа Зеландияда болған зілзала құрбандарының саны 113 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 113-ке жетсе, 228 адам із-түссіз жоғалғандар санатында.

АҚШ, Жапония және Тайванның іздестіру-құтқару топтары үйінділерді көтеру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін оларға Австралия, Қытай және Ұлыбританиялық мамандар қосылады.

Алайда, қирандылардың астында тірі адамдар бар деген үміт барған сайын сейіліп арады. Қазір Крайстчерч қаласының бас ауруханасы жарақат алғандарға лық толы. Қала тұрғындары әлі де жарықсыз және ыстық сусыз отыр. Азық-түлік пен ауыз су тапшы. Қалада тонаушылық етек жайып барады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, жаралылардың саны екі жарым мың адамнан асып кетті. Күші 6 балдық жойқын зілзала сейсенбі күні Крайстчерчтен он шақырым жерде болған. Апаттан қаланың орталығы түгел дерлік қирады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны