03.01.2008, 13:25 1481

Жаңа жылдың бірінші күнінде Шымкентте - 2-3 балдық жер сілкінісі байқалды

Жаңа жылдың бірінші күнінде Шымкентте - 2-3 балдық жер сілкінісі байқалды

Шымкент. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа жылдың бірінші күнінде Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі байқалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Екі балдық жер сілкінісі 00.27сағатта, ал екінші 3 балдық жер дүмпүі 14.00 тіркелді", - деп хабарлады ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Середа.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "жер сілкінісінен ешқандай апатты жағдайлар болмады, ал адамдар тіпті оны сезбей қалған", - деді С. Середа.

ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтері бойынша, энергитикалық классы 13,5 болатын жер дүмпуінің орталығы Қырғызстан, Өзбекстан және Ферғана шатқалындағы шекарада болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны