19.01.2012, 15:17 4546

Жаңаөзен тұрғыны өз әйелін ұстараның жүзімен бауыздап өлтірген

Жаңаөзен қаласының Теңге кентінде 36 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген денесі табылған. Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтағандай, 36 жастағы ер адам өзара дау барысында өзінің әйелінің қолын сындырып, ұстараның жүзімен тамағынан бауыздап өлтірген.

Маңғыстау. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзен тұрғыны өз әйелін ұстараның жүзімен бауыздап өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласының Теңге кентінде 36 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген денесі табылған. Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтағандай, 36 жастағы ер адам өзара дау барысында өзінің әйелінің қолын сындырып, ұстараның жүзімен тамағынан бауыздап өлтірген.

Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 96-ншы бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мойындау жауабын алу кезінде күйеуі әйелімен болмашы нәрсеге жанжалдасып қалғанын, тіл алмаған әйелін осылай жазалағанын айтқан.

Оқиға болған жерден айғақ заттар - "РАПИРА" ұстара жүзі, күдікті мен жәбірленушінің қанға боялған киімдері алынды.

Күдікті Жаңаөзен қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ерлі-зайыптылардың кішкентай сәбилері бар екендігі де белгілі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны