28.12.2010, 11:41 3837

Жаңасібірде Аяз Атаның кейпіне еніп, 7 млн рублді қолды қылған қылмыскер ұсталды

Жаңасібірде Аяз Атаның кейпіне еніп 7 млн рублді қолды қылған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Life News сілтеме жасай отырып.

Алматы. 27 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңасібірде Аяз Атаның кейпіне еніп 7 млн рублді қолды қылған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Life News сілтеме жасай отырып.

Аяз Атаның кейпіне енген Жаңасібір тұрғыны құрылыс материалдарын сататын гипермаркетке кіріп, жарақаттайтын тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен.

"Тонау әрекеті жақсылап жоспарланған екен. Тонаушы дүкеннің әкімшілігімен келісіп алған",- деп хабарлады арнайы бөлім инспекторы Алексей Толочный.

7 млн рублді қолды қылған "Аяз Ата" бой тасаламақ болған. Бірақ дүкеннің шыға берісінде ақша салынған дорба жыртылып кетіп, ақша жерге шашылып қалған. Қылмыскер ақшаны жинамақ болып әбігерге түсіп жатқанда қолға түскен. Қазіргі уақытта оның үстінен "қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны