06.04.2011, 14:16 4196

Жапония АЭС залалданған радиоактивті суының тамшылауы тоқтатылды

Жапония АЭС залалданған радиоактивті суының тамшылауы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 6 - сәуір. Kazakhstan Today - Жапония АЭС залалданған радиоактивті суының тамшылауы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Жапонияның "Фукусима-1" атом электр станциясында жоғары дәрежеде залалданған радиоактивті судың тамшылауы тоқтатылған. Бұл турасында станцияны пайдалануға жауапты және оның иесі саналатын ТЕПКО компаниясы хабарлады.

Радиоактивті изотоптармен залалданған су станцияның 2-ші энегрия кешенінің іргетасындағы жарықшақтан шығып, Тынық мұхитқа құйылып жатқан болатын.

Енді компания мамандары "Фукусиманың" дренаж жүйесіндегі сол сызатты бекіту үшін оған 1 жарым мың тонна натрий силикатын және құрамы аталмай отырған басқа бір химиялық затты құйған. Натрий силикаты "сұйық әйнек" деген атпен де белгілі.

Осыдан бұрын ТЕПКО қызметкерлері жарықты асборбент қоспалармен бекітуге тырысқанымен, ол іс нәтижелі болмаған еді. Мұхитқа құйылып жатқан залалды судағы радиация мөлшері сағатына 1 мың милизиверт екені өлшенген болатын. Бұл адам денсаулығына аса қауіпті радиация деңгейі, өйткені ол қалыпты деңгейден жүздеген есе артық. "Фукусимадағы" апат наурыздың 11-дегі зілзала мен цунами соққысының салдары. Соның кесірінен станцияның салқындату жүйесі істен шыққан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны