02.08.2011, 19:30 2966

Жапония жағалауларында күші 6,1 баллдық жер сілкінісі болды

Жер тербелісінің эпицентрі Суруга шығанағында 20 шақырым тереңдікте болған. Цунами қаупі жарияланған жоқ, деп хабарлайды Вести.Ru.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Жапония жағалауларында күші 6,1 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жер тербелісінің эпицентрі Суруга шығанағында 20 шақырым тереңдікте болған. Цунами қаупі жарияланған жоқ, деп хабарлайды Вести.Ru.

Сейсмикалық белсенділік қатарынан бірнеше қалада, оның ішінде Токиода да сезілген. Сидзуока префектурасында тоғыз адам жарақат алған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Изірге қирандылар жөнінде ақпарат жоқ. Жергілікті биліктің хабарламасына сәйкес, атом электр станциялары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны