14.03.2011, 13:52 4745

Жапонияда болған жер сілкінісі тәулік мерзімін қысқартып, Жердің осін жылжытып жіберген

Жапонияда болған жер сілкінісі тәулік мерзімін қысқартып, Жердің осін жылжытып жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. - наурыз. Kazakhstan Today - Жапонияда болған жер сілкінісі тәулік мерзімін қысқартып, Жердің осін жылжытып жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Жапониядағы кешегі зілзаладан кейін Жердің айналу осі 10-15 см жылжып кетті", - дейді сейсмологтар.

"Жерасты дүмпулерінің бұл жолғы планетаның айналу осіне тигізген әсері, 2004 жылы Оңтүстік Азиядағы жер сілкінісі кезіндегідегі әсерден көбірек болып отыр. Ол жолы жер сілкінісі жердің осін 6 см жылжытқан еді", - деп хабарлайды РБК агенттігі "Голос России" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оған қоса, кешегі апат тәулік мерзімін 1,6 микросекундқа қысқартып отыр. Дегенмен мамандар, жапон зілзаласының жер осіне нақты әсерін анықтау үшін бұдан да дәлірек зерттеулер керек екенін айтуда.

Естеріңізге сала кетсек, Жапонияда 2011 жылдың 11-наурызында қатарынан бірнеше рет жер сілкінісі болған болатын. Олардың ең күштісі 9 балға дейін жеткен. Жер асты дүмпулерінің кіндігі Хонсю аралының шығыс жақ жағалауында, Сендай қаласынан шығысқа қарай 130 шақырымда, ел астанасы Токиодан солтүстік-шығысқа қарай 373 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің салдарынан цунами көтеріліп, жағалауға жақын елді-мекендерді су басып қалған болатын. Расталған ақпараттарға сүйенсек, қайтыс болғандардың саны 1 мың 351 адамға жеткен. Жапония үкіметінің хабарлауынша, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 10 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны