23.06.2011, 18:00 3684

Жапонияда екі мәрте жер сілкінді

АҚШ Геология қызметіне сілтеме жасай отырып Associated Press агенттігінің хабарлауынша, тербелістер 2011 жылдың наурыз айында жер сілкінісінен және цунамиден зардап шеккен аумақта болған.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - 23 маусым бейсенбі күні Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,7 балл болатын екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ Геология қызметіне сілтеме жасай отырып Associated Press агенттігінің хабарлауынша, тербелістер 2011 жылдың наурыз айында жер сілкінісінен және цунамиден зардап шеккен аумақта болған.

France-Presse агенттігінің хабарлауынша, тербеліс жергілікті уақыт бойынша таңғы 6 сағат 50 минутта Иватэ префектурасына қарасты Мияко қаласынан 50 шақырым жерде Тынық мұхитта тіркелген.

Құрбан болғандар мен қирандылар жайлы хабар келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны