08.04.2011, 12:09 3434

Жапонияда қайта жер сілкініп, елдегі тағы үш АЭС қиындықтар туындауда

Жапонияда қайта жер сілкініп, елдегі тағы үш АЭС қиындықтар туындауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Жапонияда қайта жер сілкініп, елдегі тағы үш АЭС қиындықтар туындауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапонияның Хонсю аралында кеше болған жер сілкінісі тағы да адам құрбандықтарын әкелді.

РБК агенттігің Kyodo news агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, қазіргі таңда 2 адамның қаза болғаны және 132 адамның жараланғаны мәлім болып отыр.

Мияги, Ивате, Акита, Фукусима және Ямагата префектураларының мәліметтері бойынша, жер сілкінісінен кейін полиция мен өрт сөндіру қызметтеріне өртену және газдың шығуы туралы көптеген қоңыраулар келіп түскен. Аталған префектураларда жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Кешегі ақпараттарда, жер сілкінісінің жапонның үш атом-электр стансасында электр энергиясы проблемасын туғызғаны айтылған болатын. Мияги префектурасындағы "Онагава" АЭС-інде электрмен жабдықтаудың сыртқы үш көзінің екеуі істен шыққан. Оған қоса, Аомори префектурасындағы "Хигасидори" АЭС-інде және Роккасодағы пайдаланылған ядролық отынды өңдеу стансасында да электр проблемасы туындап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жер сілкінісі апатты жағдайдағы "Фукусима" АЭС-інен 116 шақырым жерде тіркелген. Зілзала ошағы 40 шақырым тереңдікте болған. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің нақтылаған мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балды шамалаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны