15.03.2011, 12:54 5258

Жапониядағы АЭС төртінші жарылыс болды

Жапониядағы АЭС төртінші жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапониядағы АЭС төртінші жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапонияда "Фукусима-1" атом-электр стансасының төртінші реакторында бүгін жергілікті уақыт бойынша 11:53-те (мәскеу уақыты бойынша 05:53) сутегі жарылысы болған. Бұл туралы РБК агенттігі Kyodo news агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

"Жергілікті уақыт бойынша 11:14-те төртінші реактордың аумағында өрт басталды",- деп хабарлады стансцияның операторы Tokyo Electric Power (TEPCO) компаниясынан.

"Төртінші блоктағы осы өрттің салдарынан жоғары концентрациялық радиация жайылды",- деп мәлім етті ел премьер-министрі Наото Кан бүгін таңертең жасаған шұғыл телеүндеуінде. "АЭС операторының ақпараты бойынша, реактордың маңындағы радиацияның деңгейі тиісті нормадан 400 есеге асып кеткен.

Станция аумағында 20 шақырым радиуста тұратын адамдардың бәрі дереу көшірілуі керек",- деп мәлім етті премьер-министрі Н.Кан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны