16.07.2009, 14:42 2819

Жапонияның Хонсю аралында, Жаңа Гвинея мен Чилидің солтүстігінде жер сілкіністері болды

Жапонияның Хонсю аралында, Жаңа Гвинея мен Чилидің солтүстігінде жер сілкіністері болды

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Соңғы бір тәулікте үш жерде: Жапонияның Хонсю аралында, Жаңа Гвинея мен Чилидің солтүстігінде жер сілкіністері болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

BBC ақпаратына сәйкес, қуаты 4 балл жер сілкінісі Жапонияның Хонсю аралында болды. Жер асты дүмпулерін Жапонияның 47 префектурасының жетеуінің тұрғындары сезінді. Метеорологиялық басқарманың мәліметінше, цунами қаупі болған жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, АҚШ-тың геологиялық бақылаулар қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6,1 балл жер сілкінісі Жаңа Ирландия аралында, Папуа - Жаңа Гвинея маңында болды.

Сондай-ақ, "РосБизнесКонсалтинг" ақпаратына сәйкес, Чилидің солтүстігінде Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5,6 балл жер сілкінісі болды. Чили университетінің сейсмология орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің ошағы ел астанасы Сантьяго қаласынан солтүстікке қарай 2 мың шақырымда болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны