18.07.2006, 18:48 2920

Жәркенттегі әскери бөлімде 12 пәтерлі тұрғын үй өртке оранды. Зардап шеккендер мен мерттіккендер жоқ

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысы Жәркент қаласында 12 пәтерлі тұрғын үй өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз-қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен мертіккендер жоқ.

Төтенше жағдай Қорғаныс министрлігінің 74261 әскери бөлімінің офицерлер қалашығында 17 шілде күні түнде тіркелді. Өрттің шығуына газды сұйықтықтың жануы себеп болған.

Тілсіз жау 535 шаршы метрді шарпыған. Баспасөз-қызметі, екі қабатты тұрғын үйдің 1970 жылы ағаштан тұрғызылғанын хабарлайды.

Өрт сегіз сағаттан кейін ауыздықталды. Материалдық шығын көлемі 1 млн. 182 мың 800 теңге.

Төтенше жағдайлар министрлігі «тілсіз жау газ жабдығын дұрыс қолданбағандықтан шықты», - деген қортынды жасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны