30.11.2023, 10:56 47756

Жатақхана тұрғын үйге заңсыз орналастырылған-Алматы әкімдігі

Хостел алаңы - 457 шаршы метр
Жатақхана тұрғын үйге заңсыз орналастырылған-Алматы әкімдігі
Өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапқан жатақхана санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, ғимаратқа заңсыз орналастырылған, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ғимараттың иесі - "КУСА Халык" ЖШС. Жалға алушы - "ALA Hostel" ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты - дүкенді пайдалану және қызмет көрсету. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы - 457 шаршы метр", деп хабарлайды әкімдіктен.


ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңына сай үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет.

Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады. Осылайша жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны