05.12.2011, 12:48 3229

Жекеменшік моншада жарылыс болып, бір адам зардап шекті

Жарылыс моншадан жеке орналасқан бір қабатты қазандық ғимаратында болды. Өрт шыққан жоқ, бірақ, 160 шаршы метр аумақта тіреу қабырғалары мен темір бетонды жабындылар құлады. Салдарынан 26 жастағы пеш жағушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жекеменшік моншада жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін түнде, Қызылорда қаласындағы "Дәрмен" ЖШС-ның моншасында жарылыс болған.

Жарылыс моншадан жеке орналасқан бір қабатты қазандық ғимаратында болды. Өрт шыққан жоқ, бірақ, 160 шаршы метр аумақта тіреу қабырғалары мен темір бетонды жабындылар құлады. Салдарынан 26 жастағы пеш жағушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 11 адамы мен 3 техникасы және "Оңтүстік өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы" ММ-нің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны