07.05.2012, 13:38 3495

Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 10,9 пайызға көбейді

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы қорытындыға сәйкес, жеңіл өнеркәсіптегі өнім өндірісі 10085 млн. теңгені құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіптегі жеке көлем индексі 110,9 пайызды құраған.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылдың І тоқсанында жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 10085 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы қорытындыға сәйкес, жеңіл өнеркәсіптегі өнім өндірісі 10085 млн. теңгені құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіптегі жеке көлем индексі 110,9 пайызды құраған.

Тоқыма саласында 4793 млн. теңгенің өнімі (жеке көлем индексі - 109,7 пайыз), киім тігу саласында 4639 млн. теңгенің (жеке көлем индексі - 122 пайыз), былғары және соған қарайтын өнім шығару саласында 653 млн. теңгенің (жеке көлем индексі - 65,6 пайыз) өнімі өндірілген.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында 1500 кәсіпорын тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны