21.09.2010, 15:25 3535

Жетібай кенішінде атқылап жатқан мұнай тоқтатылды - ТЖМ

Жетібай кенішінде атқылап жатқан мұнай тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Жетібай кенішінде атқылап жатқан мұнай тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"20-қыркүйек күні сағат 20.00 жағдаймен скважинадан атқылап жатқан мұнай тоқтатылып, оның сағасы тығындалды. Қазір ұңғыманы бітеу және ластанған аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде",- деп айтылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 19-қыркүйек күні сағат 12.25 Маңғыстау облысының Қарақияң ауданында "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ-ға тиесілі Жетібай кен орнының №1191 ұңғымасының сағасынан сыртқа мұнай атқылаған болатын.

Ұңғыма маңының ластанған аймағы 200 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны