15.04.2016, 21:12 7088

Жезқазған ЖЭО-сында өрт шықты

Қарағанды облысында "Казахмыс энерджи" ЖШС-ныӊ Жезқазған ЖЭО-сында өрт шықты. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады аймақтық ТЖД

Қарағанды. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "Казахмыс энерджи" ЖШС-ныӊ Жезқазған ЖЭО-сында өрт шықты. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады аймақтық ТЖД, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"15 сәуірде сағат 15.42-де Қарағанды облыстық ТЖД-ға "Казахмыс энерджи" ЖШС Жезқазған ЖЭО-сында өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Энергия көзі Жезқазғанныӊ өнеркәсіптік аймағында орналасқан. №5 қосалқы стансасындағы тарату жабдығы отқа оранды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Жезқазған өӊірініӊ құтқарушылары жолданды. Өртті сөндіруге 45 құтқарушы мен 12 техника жұмылдырылды.

"Құтқарушылар оқиға орнына сағат 15.49-да жеткенде төгілген рансформатор майы өртеніп жатты. №5 турбинасы уақытша тоқтатылды. Өрт сағат 17.32-де ауыздықталып, сағат 17.48-де жойылды", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны