07.12.2010, 13:35 3498

Жезқазғанда 120 бас мал тілсіз жаудың құрбаны болды

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында өрт шығып, 120 бас мал тілсіз жаудың құрбаны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында өрт шығып, 120 бас мал тілсіз жаудың құрбаны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 03.05 Кеңгір ауылдық округінің №366 разъездіндегі мал қорада өрт шыққан. Өрт салдарынан 118 ұсақ мал және 2 ірі қара мерт болып, 6 тонна шоп өртеніп кеткен. Тілсіз жау 1000 шаршы метр аумақты шарпыған.

ТЖМ хабарлауынша, адамдар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны