16.04.2007, 12:46 1253

Жезқазғанда орта мектептің ғимараты құлап қалды, зардап шеккендер жоқ

ҚАРАҒАНДЫ. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Жезқазғанда №13 орта мектептің ғимараты құлап қалды, оқушылар мен мектеп қызметкерлерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Департамент ақпаратына сәйкес, мектептің жанына жапсарлас салынған жаңа құрылыс сенбі күні таңертең құлап қалған. "Екі қабатты мектеп ғимаратының жанына жапсарласа салынған ғимараттың көлденең бағанын бекіткен тосқауылдың орнынан жылжып кетуі салдарынан төбе жабынының он плитасы мен бірінші қабаттағы жабын плитасы құлады", деп хабарлайды департамент.

Мектептің басты корпусынан 800 адам көшірілді.

Қазір оқиға орнында комиссия жұмыс істеуде. Мектептің ескі ғимаратын пайдаоануға уақытша тыйым салуға шешім қабылданды. Оқиғаның зардаптарын жоюға қалалық бюджеттен 1 млн теңге бөлінді.

"Мектептің құлап қалған бөлігін құлату жұмыстарын 17-сәуірде бастау межеленген", деп хабарлайды департамент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны