10.10.2006, 16:54 3127

Жолаушыны басып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан Қызылорда әкімдігінің қызметкері төрт жылға сотталды

АСТАНА. 10 қазан. Kazakhstan Today. Жолаушыны қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан Қызылорда әкімшілігінің бұрынғы қызметкері төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, "осы жылдың ақпан айында Қызылорда әкімдігінің құқық бөлімінің бастығы Рахат Жайсанбаев мас күйінде автокөлік жүргізген. Ол жол жүру ережесін бұзып, жолаушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен". Күдікті ұсталып, Қызылорда қалалық соты наурыз айында оны кінәлі деп тапты. Ол сот үкіміне сәйкес бір жылға сотталып, жазасын орналасу колониясында өтейтін боп шешілген.

Қызылорда прокуратурасы сот шешімін тым жеңіл деп, істі қайта қарау туралы шағым түсірген. Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқаның қаулысына сәйкес қыркүйек айында "алғашқы сот шешімі өзгертіліп, сотталған Жайсанбаев Рахатты төрт жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды", деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны