22.10.2009, 09:44 1520

Зыряновск қаласында үш адам, соның ішінде жас нәресте көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды

Зыряновск қаласында үш адам, соның ішінде жас нәресте көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды

Астана. 22 қазан. Kazakhstan Today - Зыряновск қаласында үш адам, соның ішінде жас нәресте көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында Гагарин көшесіндегі жер үйде бүгін сағат 04.55-те көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 29 жастағы әйел, 13 жасар қыз бен нәресте көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны