12 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды: зымыран соққысынан Эр-Рияд әуежайының жұмысы тоқтады
Қақтығыс хуситтерге қарсы әскери операция аясында шиеленісе түсті
Сауд Арабиясының астанасындағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған зымыран соққысының салдарынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК.
Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасының (GACA) мәлімдеуінше, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы өте ауыр. Жарақат алғандар қаладағы бірнеше ауруханаға жеткізілді.
The Wall Street Journal басылымының Сауд Арабиясы шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, зымырандар әуежайдың үшінші және төртінші терминалдарына түскен. Ғимараттар қатты зақымданып, шатырдың бір бөлігі іштегі адамдардың үстіне құлаған.
Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жедел жәрдем көліктері мен тікұшақтар жұмылдырылды. Жараланғандар санының көп болуына байланысты ауруханалар басқа медициналық мекемелердің дәрігерлерін көмекке шақырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
