Қазақстан СІМ хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.
СІМ шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзатындығын атап өтті.
Ведомствоның пікірінше, шабуылдар Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді.
"Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз", - деп айтылған мәлімдемеде.
Қазақстан сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды.
Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов алдын ала берген мәліметі бойынша, Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға жасалған зымыран соққысы салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жарақат алған болатын.
Қақтығыс хуситтерге қарсы әскери операция аясында шиеленісе түсті. Операцияның басталғанын 4 қазанда Йеменнің Президенттік басшылық кеңесінің төрағасы Ришад әл-Алими жариялаған болатын.
Шабуылдан кейін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылып, Flightradar24 мәліметінше, Эр-Риядқа бағытталған барлық рейс тоқтатылған немесе басқа әуежайларға бағытталған. АҚШ, Канада, Германия және Ирландия елшіліктері өз азаматтарына әуежайға бармауға кеңес берді.
Сонымен қатар, қазан айының соңында Эр-Риядта жүздеген компания басшылары мен инвесторлардың қатысуымен Future Investment Initiative инвестициялық форумы өтуі тиіс. Сенбі күнгі шабуылға дейін ұйымдастырушылар кешенді қауіпсіздік шараларын қарастыратынын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
