14.08.2026, 17:23 32446

Германияда аптап ыстықтан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды

Германияда аптап ыстықтан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды
Сурет: Depositphotos
Германияда биылғы аптап ыстық шамамен 12 500 адамның мезгілсіз өліміне себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.

Роберт Кох институтының (RKI) есебіне сәйкес, аптап ыстық егде жастағы адамдарға қатты әсер еткен. Ыстықтан көз жұмғандардың басым бөлігі - 85 жастан асқан адамдар. Осы жас тобында шамамен 6300 өлім тіркелген.

"12 500 өлімнің шамамен 9600-і маусым айының соңындағы ерекше ыстық кезеңге тиесілі",- деп жазады ақпарат агенттігі.


2026 жылы ең жоғары температура маусымның екінші жартысында тіркеліп, Германияның көптеген өңірінде ауа температурасы 40°C-қа дейін көтерілді.

Ыстыққа байланысты өлім-жітімнің ұлттық орташа көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 15 жағдайды құрады.

2026 жылғы маусым мен шілде айларында Батыс Еуропада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, орташа температура 21,62°C болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны