13.07.2026, 13:34 45906

КСИР Иорданиядағы ұшқышсыз ұшу аппараттары базасының жойылғанын мәлімдеді

Ханзада Хасан әскери әуе базасындағы басқару орталығы мен MQ-9 ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған ангарлардың жойылған
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Иорданиядағы ханзада Хасан әскери әуе базасында орналасқан басқару орталығы мен MQ-9 ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған ангарлардың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Естеріңізге сала кетсе, 18 маусымда жарияланған бітімге қарамастан, АҚШ әскері Иран аумағына бірқатар соққы жасағаннан кейін Таяу Шығыстағы жағдай қайта шиеленісті. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл әрекеттер Иранның Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге қарсы іс-қимылына жауап ретінде жасалғанын мәлімдеді.

Бұған жауап ретінде Иран әскері АҚШ ел аумағына қайта соққы жасайтын болса, Таяу Шығыстағы барлық америкалық әскери базаларға шабуыл жасауға дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар, Иран қарулы күштері Бахрейндегі Шейх-Иса әскери базасына соққы жасағанын мәлімдеді. Бұған дейін КСИР Кувейттегі Әли әс-Салем базасына және АҚШ-тың Бесінші флотының жауапкершілік аймағына кіретін Бахрейндегі Салман портына шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.

Бүгін КСИР АҚШ өңірдегі араласуын тоқтатқанға дейін Ормуз бұғазы толық жабық болатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Иран Иордания, Кувейт, Бахрейн, Катар және Омандағы америкалық әскери нысандарға жасалған соққылар АҚШ-тың Иран аумағына жасаған соңғы соққыларына жауап ретіндегі жасалған соққылармекендігін хабарлады.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерін уақытша тоқтатқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны