12.08.2026, 12:18 19211
Қытай «Дельфин» тайфунының салдарымен күресуде
Сурет: Бейнежазбадан скриншот
Достарға айту
Қытайда "Дельфин" тайфуны соғып, су басу қаупі туындауына байланысты 300 мыңнан астам адам эвакуацияланып, инфрақұрылым жұмыстарының бұзылуда. Шанхайдың өзінде 1,3 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Тайфун Чжэцзян провинциясының жағалауына жетіп, нөсер жаңбыр мен дауылды жел соққан. Су тұрғын үйлерді басып, зардап шеккен аудандарда төтенше жағдайлар қызметтері жұмыс істеп жатыр. Билік дауыл қаупінің ең жоғары деңгейін жариялап, паром қатынасын тоқтатты және де Янцзы өзенінің атырауындағы пойыз қозғалысы да шектелді.
Құрлыққа жеткен "Дельфин" тайфуның екпіні бәсеңдесе де жаңа су тасқыны мен көшкін болуы мүмкін деген қауіп әлі де сақталуде. Аньхой, Цзянсу және Шаньдун провинцияларында нөсер жауын жауады деп күтіледі.
Табиғи апаттың салдары көршілес аумақтарға да әсер етті. Тайваньда жаңбыр жауып, Филиппинде муссондық жауын-шашын күшейген. Онда да .йлерді су басып, көшкіндер болғаны хабарланды.
Эвакуацияның ауқымы, көлік қозғалысындағы іркілістер және су басқан аудандардағы бүлінулер табиғи апаттың Шығыс Қытай экономикасы мен инфрақұрылымына айтарлықтай зардап келтіргенін көрсетеді. Алайда шығынның түпкілікті көлемі әзірге хабарланған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.08.2026, 14:08 14866
Бельгия мен Тәжікстанда ядролық сынақтар құрбандарын еске алды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Бельгия мен Тәжікстанда ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей ядролық полигонының жабылуына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бельгияның Ипр қаласында Қазақстан елшісі Роман Василенко мен қала мэрі Катрин Десомер Қазақстанның 2010 жылы Қазақстан тарапынан Ипр қаласына сыйға тартылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
"Семей мен Ипрдің бастан кешкен тарихы бізге қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқатты еске салады: бейбітшілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдауға болмайды. Оны ортақ күш-жігермен сақтап, келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет", - деп атап өтті Василенко.
Кездесу барысында Ипр мен Семей арасындағы бауырлас қалалар қатынастарына ерекше назар аударылды. Тараптар мәдени, білім беру және жастар жобалары арқылы одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
Тәжікстанда Қазақстан елшілігі журналистер мен сарапшыларға арналған брифинг өткізді. Қатысушылар 2026 жылдың үш маңызды датасына тоқталды. Олар - Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қою үшін ашылғанына 30 жыл және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы Семей шартының қабылданғанына 20 жыл.
Семей ядролық полигонында қырық жылдан астам уақыт ішінде 456 ядролық сынақ жүргізіліп, олардың зардабы шамамен 1,5 млн адамға әсер етті. Полигон 1991 жылғы 29 тамызда жабылған болатын.
Кейін Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады.
Бүгін Қазақстан президенті, сондай-ақ ҚР СІМ басшысы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен бірлесіп, ядролық державаларға үндеу жасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.08.2026, 12:42 15061
Болгарияда Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 35 жылдығына орай көрме ашылды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Болгария парламентінде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей ядролық полигонының жабылуына 35 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көрмеде бірегей тарихи материалдар - ядролық сынақтар өткізілген жерлерден түсірілген фотосуреттер, Семей полигонының жабылғанын айғақтайтын мұрағаттық құжаттар, сондай-ақ "Невада - Семей" антиядролық қозғалысына арналған фотосуреттер ұсынылды.
Іс-шараға Болгария Халық жиналысының депутаттары, оның ішінде Қазақстанмен парламентаралық достық тобының мүшелері, сондай-ақ Болгария қоғамдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Болгариядағы елшісі Виктор Темірбаев Семей полигонының жабылуының маңызы және еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық бастамалары туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жарияланған болатын.
Болгария парламентшілер Қазақстанның ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту саласындағы көшбасшылығына жоғары баға берді. Сондай-ақ парламентаралық достық тобының қызметі екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, 35 жыл бұрын Қазақстан әлемдегі көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей ядролық полигонын жапқан болатын.
Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай жолдаған үндеуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ядролық сынақтардан бас тартуды жақтай беретінін мәлімдеп, ядролық державаларды келіссөздер жүргізуге шақырған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.08.2026, 10:32 17676
Непалдағы су тасқыны: із-түзсіз жоғалғандар арасында Қазақстанның екі азаматы бар
Сурет: nepalnews.com
Достарға айту
Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 469 адамға жетіп, 977 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды РБК жергілікті дереккөздерге сілтеме жасап.
Із-түзсіз жоғалғандар арасында Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында Қазақстанның екі азаматы болуы мүмкін, деп хабарлаған болатын ҚР СІМ. Бұған дейін олардың біреуі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткені белгілі болған. Қазақстан СІМ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасап, отандастарымыздың туыстарымен байланыста отыр.
Қаза тапқандардың денелері сегіз округтен табылды. Ең көп адам Читванда (178) және Шығыс Навалпарасиде (110) қаза тапқан. Горкхада 44, Нувакотта 37, Дхадингте 33, Танахунда 28, Батыс Навалпарасиде 27 және Расувада 12 адамның денесі табылды.
Бүгінде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар ауыр техниканың көмегімен үйінділерді аршып, тікұшақтар сыртқы әлеммен байланысы үзілген аудандарға көмек жеткізуде.
Сонымен қатар, жаңа су тасқыны қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Reuters. Непал мен Қытай шекарасының екі жағындағы өзендерде үйінділердің салдарынан бөгелме көлдер пайда болған. Олар арнасынан асып, бөгеттерді бұзып өтуі мүмкін.
Қытай тарапының мәліметінше, алдағы үш күнде осындай көлдердің біріне шамамен 3 млн текше метр су келуі мүмкін. Бұл шамамен 1,2 мың олимпиадалық бассейннің көлеміне тең. Су ағынының ең жоғары деңгейі шамамен 1 қыркүйекте күтіледі.
Алдағы аптаға болжанған жауын-шашын да қосымша қауіп төндіреді. Қытай билігі көлдегі су көлемі ұлғайып келе жатқанын және соған байланысты бөгеттің бұзылу қаупі де артып отырғанын ескертті.
Непал билігі де апат болған ауданда өзен арнасын үйінділер бөгеп қалғаннан кейін пайда болған көлдің бұзылу қаупі туралы ескертті. Төменгі ағыстағы аумақтардың тұрғындары мен құтқарушыларға өзен жағалаулары мен қауіпті учаскелерден аулақ болу ұсынылды.
Ескертуден кейін құтқарушылардың бір бөлігі биік жерлерге көшті. Зардап шеккен аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданының шекаралас өңірлерінде жойқын су тасқыны болған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында 20-дан астам елдің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.08.2026, 17:08 18976
Қазақстан Газа секторындағы тұрақтандыру миссиясына әскери қызметшілерін жіберуді ұсынды - АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі
Достарға айту
Қазақстан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық миссияға қатысу үшін өз әскери қызметшілерін жіберуді ұсынған елдердің қатарына кірді. Бұл туралы АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлім етті.
"Уганда, Марокко және Қазақстан сияқты елдер осы күш-жігерге қатысу үшін мыңдаған әскери қызметшісін жіберуді ұсынды", - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың қараша айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік жоспары аясында Газа секторында уақытша Халықаралық тұрақтандыру күштерін (ISF) құруды мақұлдаған болатын. Олардың міндеттеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт тұрғындар мен гуманитарлық операцияларды қорғау, Палестина полициясына қолдау көрсету, секторды қарусыздандыруға жәрдемдесу және атысты тоқтату режимінің сақталуын бақылау кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.08.2026, 14:01 20821
Ереванда Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян ұсталды
Ұстаудың себептері мен тергеудің нақты мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ
Достарға айту
Ереванда күштік құрылым қызметкерлері Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлын ұстады, деп хабарлайды РИА Новости республиканың Антикоррупциялық комитетіне сілтеме жасай отырып.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс жүргізу аясында алты адам ұсталған. Сондай-ақ, елде ондаған мекенжай бойынша тінту жүргізілді. Тексерілген нысандардың қатарында Кочарянның келіні - әнші Сирушомен байланысты компания да бар.
Ұстаудың себептері мен тергеудің нақты мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
"Армения" оппозициялық фракциясының депутаты Севак Хачатрян Кочарянның ұсталуы оның жақында Үкімет отырысы кезінде премьер-министр Никол Пашинянмен болған жанжалына байланысты болуы мүмкін деп болжады.
Кочарянға қатысты тергеу 2018 жылдан бері жалғасып келеді. Бұған дейін экс-президенттің адвокаты істердің бірі 2004-2009 жылдар аралығында жасалған жылжымайтын мүлік мәмілелеріне қатысты екенін хабарлаған. Кочарянның өзі және оның қорғаушылары тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.08.2026, 11:21 23441
Перуде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Перуде магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform "Синьхуа" сайтына сілтеме жасай отырып.
Жер сілкінісі 20 тамыз күні сағат 18:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 23:00) тіркелді. Бұл туралы Германияның геологиялық зерттеу орталығы (GFZ) мәлім етті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің кіндігі оңтүстік ендіктің 14,74 градусында және батыс бойлықтың 73,89 градусында жатыр.
Гипоорталығы 10 км тереңдікте орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 15:22 26446
Индонезияда болған жер сілкінісінен 50-ден астам адам қаза тапты
Сурет: Basarnas / Handout/Anadolu via Getty Images
Достарға айту
Индонезияда болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 54 адам қаза тауып, тағы 135 адам жарақат алды.
Табиғи апатқа байланысты 5 мыңға жуық тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Қолда бар мәлімет бойынша, 1,3 мыңнан астам тұрғын үй зақымданған.
Негізгі жер сілкінісінен кейін мамандар мыңға жуық қайталама жерасты дүмпуінің тіркелгенін млімдеді. Зардап шеккен аудандарда көшкін түсіп, құлаған ағаштар жолдарды бөгеп қалуына байланысты жағдай қиындатып отыр. Кейбір елді мекендер әлі де сыртқы әлемнен оқшау қалып отыр.
Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін билік зардап шеккен аудандарға 3,5 мыңнан астам әскери және полиция қызметкерлерін жіберген.
Индонезия билігі 14 күн мерзімге төтенше жағдай режимін жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 17:23 31711
Германияда аптап ыстықтан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Германияда биылғы аптап ыстық шамамен 12 500 адамның мезгілсіз өліміне себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.
Роберт Кох институтының (RKI) есебіне сәйкес, аптап ыстық егде жастағы адамдарға қатты әсер еткен. Ыстықтан көз жұмғандардың басым бөлігі - 85 жастан асқан адамдар. Осы жас тобында шамамен 6300 өлім тіркелген.
"12 500 өлімнің шамамен 9600-і маусым айының соңындағы ерекше ыстық кезеңге тиесілі",- деп жазады ақпарат агенттігі.
2026 жылы ең жоғары температура маусымның екінші жартысында тіркеліп, Германияның көптеген өңірінде ауа температурасы 40°C-қа дейін көтерілді.
Ыстыққа байланысты өлім-жітімнің ұлттық орташа көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 15 жағдайды құрады.
2026 жылғы маусым мен шілде айларында Батыс Еуропада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, орташа температура 21,62°C болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.09.2026, 09:20Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясы Қазақстандағы технологиялық жобаларға шақырылды 15.09.2026, 09:32 7911ҚМА жалған хаттар арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті15.09.2026, 10:39 7521АҚШ аумағында қазақстандық әйел ұсталды - СІМ түсініктемесі15.09.2026, 10:11 5456Қазақстан теміржол арқылы экспортталатын астық көлемін арттырды15.09.2026, 12:14 5381Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге стейблкоиндермен есеп жасауға рұқсат беру жоспарлануда
11.09.2026, 19:08 72026Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68166Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67746Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67476Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66321Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83551Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80341Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72026Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71146Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68166Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

