10.08.2026, 08:55 19201

Қытайда тайфун салдарынан жүздеген әуе рейсі тоқтатылды

Тайфунның жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жеткен
Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясына 13-тайфун саналатын «Долфин» екінші рет жетіп, Вэньчжоу қалалық округіне қарасты Юэцин уезінің жағалауына жойқын соққы берді, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығының мәлімдеуінше, тайфунның орталығына жақын жерде желдің жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жеткен. Бұл желдің 13 балдық күшпен соққанын білдіреді.

«Долфин» Чжэцзян провинциясына алғаш рет жексенбі күні сағат 17:30 шамасында жеткен. Сол кезде тайфун Тайчжоу қалалық округіне қарасты Юйхуань уезінің жағалауында соққан. Бұл уақытта оның орталығындағы желдің күші 14 балға дейін жеткен.

Тайфунның салдарынан Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу қаласындағы Сяошань халықаралық әуежайының жұмысы да шектеліп, әуежайда 388 ұшып келетін және ұшып шығатын рейс тоқтатылды.

Сондай-ақ, Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы табиғи апаттан зардап шеккен аудандардағы жергілікті билік органдарына аса қатты нөсер жауыннан қорғану үшін қажетті шараларды қабылдауды ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Биылғы 13-ші «Долфин» тайфуны Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының жағалауына екі рет соққы бергенін жазғанбыз. Табиғи апатқа байланысты жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшіріліп, мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны