11.09.2006, 18:03 3208

11-қыркүйектегі қайғылы оқиға құрбандарын еске алу арқылы Қазақстан өзінің АҚШ халқымен бірге екенін паш етеді

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. 11-қыркүйектегі қайғылы оқиға құрбандарын еске алу арқылы Қазақстан өзінің АҚШ халқымен бірге екенін паш етеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін біз американ халқымен бірге екенімізді , халықаралық қоғамдастықпен бірлесе жер бетіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлермен күресе беруге бекем бел буғанымызды растаймыз",- деді Е.Ашықбаев.

"Біз ешбір жазығы жоқ мыңдаған құрбандарды еске аламыз. АҚШ халқы мен жалпы адамзат әлемінің басына түскен бұл зұлмат қазіргі таңда өркениетті қоғамның шаңырағын шайқалтатын үлкен қатерге айналған лаңкестіктің қиратқыш күш-қуатын көрсетіп берді",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны