15.01.2008, 16:54 2843

2007 жылы БҰҰ -ның тұрғылықты халық жөніндегі қорына 181 мемлекет қолдау көрсетті

2007 жылы БҰҰ -ның тұрғылықты халық жөніндегі қорына 181 мемлекет қолдау көрсетті

Нью Йорк. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ -ның тұрғылықты халық жөніндегі қорына 2007 жылы 181 мемлекет қолдау көрсетті, деп хабарлайды агенттік Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпарат орталығы хабарлағанындай, БҰҰ -ның тұрғылықты халық жөніндегі қоры үшін 2007 жылы донорлар саны жағынан және қызмет тарихында бөлінген қаржы мөлшері жағынан жоғары көрсеткіштерге жетті. 181 мемлекет олардың қызметін қолдап, $ 419 млн бөлді.

БҰҰ-ның тұрғылықты халық жөніндегі қорының донорлар арасында қаржыны көп аударғандар қатарына Нидерланды, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания және Жапония кірді. Ресей қордың қызметіне 300 мың АҚШ долларын бөлді.

БҰҰ -ның тұрғылықты халық жөніндегі қоры 140 мемлекетте жұмыс істеп, халықтарға от басын жоспарлауға және денсаулықтарын сақтау мәселесінде көмек көрсетеді. Қор мемлекеттерге халық тұрғылығы жөніндегі мәліметтерін пайдаланып, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешу, кейдейшілікті төмендетуге бағытталған саясат пен бағдарламаларды дайындауға көмектеседі. Қордың басты мақсаттарының біріне әйелдер мен қыздардың құқығын сақтау, оларға сыпайылық танытатындарды қолдау жатады. Қор тек өз еркімен берілетін жарналар есебінен қызмет атқаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны