08.09.2006, 14:05 2676

2007-жылы мәслихат депутаттарының сайлауында сайлау учаскелерінің 20 процентінде автоматтандырылған сайлау жүйесі пайдаланылады

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы мәслихат депутаттарының сайлауында учаскелердің 20 процентінде автоматтандырылған сайлау жүйесін пайдалануды межелеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007-жылдың күзінде өтетін мәслихат депутаттарының кезекті жалпы сайлауында біз учаскелердің 20 процентінде автоматтандырылған сайлау жүйесін пайдалануды жоспарладық",- деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков.

Конституцияға сәйкес, мәслихаттарды тұрғындар жалпыхалықтық тікелей әрі тең сайлау құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы төрт жыл мерзіммен сайлайды. Мәслихат депутаттарының сайлауы елімізде 2003-жылдың күзінде өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны