03.05.2012, 14:35 3572

2011 жылы Қазақстан экономикасына 19 млрд. астам доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды

Тікелей шетелдік инвестициялар ағымын әрі қарай еселеу мақсатында Қазақстанда инвестициялық ахуалды заңнамалық деңгейде жақсарту жөніндегі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, инвестиция саласындағы ұлттық заңнамалық база жетілдірілуде.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - 2011 жылы Қазақстан экономикасына 19 млрд. астам доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тікелей шетелдік инвестициялар ағымын әрі қарай еселеу мақсатында Қазақстанда инвестициялық ахуалды заңнамалық деңгейде жақсарту жөніндегі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, инвестиция саласындағы ұлттық заңнамалық база жетілдірілуде.

"Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың болжамдылығы мен транспаренттілігі Қазақстандағы іскерлік инвестициялық ахуалдың негізі болуы тиіс", - деп мәлім етті Елбасы Н.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы "Инвестициялар туралы" ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды. Бұл Заң бойынша инвестициялық жеңілдіктердер пакетін кеңейту, оның ішінде қосалқы бөлшектерді, шикізаттар мен материалдар импортын кедендік баж салығынан босату сияқты мәселелер қарастырылып отыр. Ал 2012 жылдың қаңтар айында қабылданған "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" ҚР Заңы индустриялық-инновациялық қызметпен айналысатын субъектілерге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталады.

Қазіргі таңда елімізде инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аумақтарды дамыту және экспортты ынтыландырудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы, сондай-ақ шикізаттық емес секторға инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр. Аталмыш бағдарламалардың аясында барлық деңгейде инвесторлармен жұмыстар жүргізіліп, арнайы экономикалық аумақтарды дамыту қолға алынуда.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасының экономикасына 19,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылған, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Инвестор-елдер санатында Нидерланды (7,9 млрд. АҚШ доллары, 40 пайыз), Франция (1,5 млрд. АҚШ доллары, 7,8 пайыз), Қытай (1,2 млрд. АҚШ доллары, 5,9 пайыз), АҚШ (1 млрд. АҚШ доллары, 5,2 пайыз) және Ұлыбритания (911,9 млн. АҚШ доллары, 5 пайыз) елдері негізгі инвесторлар болып табылады.

Ведомствоның ақпараты бойынша, тікелей шетелдік инвестицияның ең қомақты үлесі - 10,8 млрд. АҚШ доллары - жылжымайтын мүлік операцияларына, 3,5 млрд. доллар - кен өндіру өнеркәсібіне, 2,9 млрд. доллар - өңдеу өнеркәсібіне жұмсалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны