12.04.2013, 14:25 107093

2013 жылдың маусым айына Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық Кеңесінің отырысы белгіленген

"Осы жылдың маусым айында Қазақстан мен Қырғызстан арасында үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, оған біздің Премьер-Министр қатысады. Оған дейін біздің екіжақты комиссияның отырысы өтеді", - деді Е.Ыдрысов.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық Кеңесінің отырысы ағымдағы жылдың маусымында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдрысов Қырғыз Республикасының сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ибділдаевпен кездесу барысында мәлім етті.

"Осы жылдың маусым айында Қазақстан мен Қырғызстан арасында үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, оған біздің Премьер-Министр қатысады. Оған дейін біздің екіжақты комиссияның отырысы өтеді", - деді Е.Ыдрысов.

Министр атап өткендей, бүгінгі кездесуде екі жақ республикалардың өңірлік және жаһандық жоспардағы көп жақты ынтымақтастығын талқылады.

"Алда Қырғыз Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Осы жылы Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді. Өздеріңіз де білесіздер, осы жылы ұлы жазушы Шыңғыс Айтыматовтың 85-жылдығы атап өтіледі, бұл біздің қарым-қатынасымыздың әр алуандығын көрсетеді және Қазақстан мен Қырғызстан әрқашан бір-бірінің жанында болады", - деп аяқтады өз сөзін Е.Ыдрысов

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны