23.10.2006, 16:54 3224

27 қазанда Мәскеуде ЕуразЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. 27 қазанда Мәскеуде ЕуразЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі 17 отырысы болып өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырыс барысында ЕуразЭҚ Кедендік одағының құқықтық базасын қалыптастыру үшін қажетті құжаттар әзірлеу барысы, Кедендік одақтың 2001-2005 жылдарға арналған сыртқы шекараларында өткізу пункттерін көркейту жөніндегі Бірлескен мақсатты бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын талқылау жоспарланып отыр.

23-27 қазан аралығында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде бұдан басқа да бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Мәселен, Орталық Азия аймағының су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану Тұжырымдамасының жобасын пысықтау мақсатында және оны (үкімет басшылары деңгейінде) 27 қазанда ЕуразЭҚ Мемлекетаралық Кеңесіне енгізу қажеттілігін есепке ала отырып, 23 қазанда Мәскеуде Сырдария және Амудария өзендерінің су айдынында су-энергетикалық реттеудің келісілген тетіктерін әзірлеу мәселесі жөніндегі Жоғары деңгейдегі топтың кезектен тыс отырысы болып өтеді.

23-24 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілдер комиссиясының 41-ші отырысы болып өтеді. Отырыста Қоғамдастықтың ағымдағы қызметінің мәселелері мен ЕуразЭҚ шеңберінде ықпалдасудың жоғарғы органдарына қаралуға жіберілген құжаттар жобалары, сондай-ақ, ЕуразЭҚ-ке мүше мемлекеттерінің ортақ энергетикалық рыногын қалыптастыру және Орталық-азиялық өңірдің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану тұжырымдамаларының жобалары қарастырылады.

25 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің 31-ші отырысы болып өтеді.

Отырыс барысында ЕуразЭҚ-қа мүше-мемлекеттер шекаралары арқылы тауарлар мен көлік құралдардың өтуі үшін кедендік бақылауда ақпараттық технологиялар пайдалануда бірыңғай амалдар туралы Келісімнің жобасы, ЕуразЭҚ елдерінің кедендік қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудағы бірыңғай қағидаттары туралы Келісімнің жобасы, сондай-ақ ЕуразЭҚ-ке мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық рыногын қалыптастыру және Орталық-азиялық өңірдің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану тұжырымдамаларының жобалары сияқты ЕуразЭҚ шеңберінде интеграцияның жоғары органдарының қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны