03.09.2007, 16:55 2805

5 қыркүйекте Литва Республикасының сыртқы істер министрі Астанаға жұмыс сапарымен келеді

5 қыркүйекте Литва Республикасының сыртқы істер министрі Петрас Вайтекунас Астанаға жұмыс сапарымен келеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3-қыркүйек. АСТАНА. 5 қыркүйекте Литва Республикасының сыртқы істер министрі Петрас Вайтекунас Астанаға жұмыс сапарымен келеді, деп хаббарлайды агенттік тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, "кездесу барысында тараптар екі жақты Қазақстан-Литва ынтымақтастығының энергетика, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалары мен қазіргі ахуалы жөнінде, сондай-ақ халықаралық саясаттағы өзекті мәселелерді талқылайды".

Тараптар сондай-ақ, 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының кезекті үшінші отырысы жөнінде пікір алмасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны