08.12.2012, 17:04 4346

8 желтоқсанда Астанада қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 6-шы отырысы өтті - баспасөз баяны

Отырыс барысында тараптар ынтымақтастық, энергетика, геология және жерасты байлықтары, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелерін қарастырды.

2012 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетовтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Ван Цишанның төрағалығымен қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 6-шы отырысы болып өтті.

Отырыс барысында тараптар ынтымақтастық, энергетика, геология және жерасты байлықтары, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелерін қарастырды.

Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің құрамына 10 кіші комитеттер мен қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерін қолдану мен қорғау бойынша Біріккен комиссиясы кіреді. Комитеттің отырыстары екі жылда бір рет өткізіледі.

Өткен отырыстың соңында қорытынды Хаттамаға қол қойылды. Тараптар екіжақты ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 7-шы отырысын Бейжің қаласында өткізуге келісті, нақты уақыты дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны