15.07.2008, 18:43 1861

Абхазия мен Оңтүстік Осетия Ресей мен Беларусь одағына мүшелікке өтпекші

Абхазия мен Оңтүстік Осетия Ресей мен Беларусь одағына мүшелікке өтпекші

Мәскеу. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Абхазия мен Оңтүстік Осетия Ресей мен Беларусь одағына мүшелікке өтпекші, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресейдің "Независимая газетасына" сілтеме жасап.

Ресей мен Беларусь одағының мемлекеттік хатшысының баспасөз қызметінің басшысы Иван Макушок журналистерге жасаған мәлімдемесінде мойындалмаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия республикаларының бірігуі химера болып табылмайтынын атап көрсетті. "Жуырда Абхазия сыртқы істер министрі Сергей Шамба біздің "Союзное государство" атты басылымымызға берген сұхбатында Сухумидің Одақ құру барысын қызығушылықпен қадағалап отырғанын, бірігу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, кезінде Абхазияның КСРО-ның ыдырағанын мүлдем қаламағанын жеткізді", - деді И. Макушок.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны