15.09.2006, 12:04 2475

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Еуропа Кеңесі парламетнтік ассамблеясының жетекшісіне құқық қорғау институтның жұмысын таныстырды

АСТАНА. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бейсенбі күні Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамов Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рене ван дер Линден мырзамен және оның көмекшісі Дэвид Милнер мырзамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today омбудсменнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасын Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайына байланысты мәселелер, атап айтқанда, оны тағайындау рәсімі, мәртебесі, өкілеттігі, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы қызықтырды. Еуропа парламентінің басшысы омбудсменнің Еуропа Кеңесімен өзара ынтымақтастығына ерекше қызығушылық білдірді.

Б.Байқадамов омбудсменнің қазақстандық моделі туралы айтып берді. Төрт жылғы қызметі барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мемлекеттің құқықтық жүйесінде өз орнын алды.

Омбудсменнің адам құқығын қорғау саласындағы Еуропалық тәжірибені ерекше атап өтті, сондай-ақ Еуропа кеңесімен жүйелі байланыстарды дамытуға мүдделілік білдірді. "Біз Еуропаның құқық қорғау стандарттарына қосылғымыз келеді", - деп атап көрсетті Б.Байқадамов. Оның айтуынша, парламенттік ассамблея өзінің құрылымдарына қазақстандық құқық қорғау мекемелерімен қатынас орнатуды ұсынып, соңғыларға адам құқықтары саласындағы проблемаларды талқылауға қатысуға мүмкіндік берсе жақсы болар еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны